Тапсырмалар

Kaspersky Security Center тапсырмаларды құру және іске қосу арқылы құрылғыларда орнатылған "Лаборатория Касперского" қауіпсіздік бағдарламаларының жұмысын басқарады. Тапсырмалардың көмегімен бағдарламаларды орнату, іске қосу және тоқтату, файлдарды тексеру, бағдарламалардың дерекқорлары мен модульдерін жаңарту, бағдарламалармен басқа әрекеттер орындалады.

Бағдарлама үшін басқару плагині орнатылған жағдайда ғана тапсырма жасай аласыз.

Тапсырмалар Басқару серверінде және құрылғыларда орындалуы мүмкін.

Басқару серверінде орындалатын тапсырмалар:

Құрылғыларда тапсырмалардың келесі түрлері орындалады:

Әр бағдарлама үшін сіз топтық тапсырмалардың, глобалдық тапсырмалардың және жергілікті тапсырмалардың кез келген санын жасай аласыз.

Тапсырма параметрлеріне өзгертулер енгізуге, тапсырмалардың орындалуын бақылауға, тапсырмаларды көшіруге, экспорттауға және импорттауға, сондай-ақ жоюға болады.

Құрылғыдағы тапсырмаларды іске қосу тек осы тапсырмалар жасалған бағдарлама іске қосылған жағдайда ғана орындалады.

Тапсырмаларды орындау нәтижелері Microsoft Windows және Kaspersky Security Center, орталықтандырылған түрде Басқару серверінде де, жергілікті түрде әрбір құрылғыда да оқиғалар журналдарында сақталады.

Тапсырмалар параметрлерінде құпия деректерді пайдаланбаңыз. Мысалы, домен әкімшісінің құпиясөзін көрсетпеуге тырысыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Тапсырмаларды басқару

Тапсырманы жасау

Басына оралу